Алматыда "Келімсек" іс-шарасының барысында 4 қылмыскер ұсталды

758

17 шетелдік республика аумағынан шығарылды.

Алматыда "Келімсек" іс-шарасының барысында 4 қылмыскер ұсталды

Алматыда қылмыстық ахуалды жақсартып, Қазақстанға шетелден келген азаматтарының құқық бұзушылықтарын анықтау мақсатында 15 ақпан мен 19 ақпан аралығында "Келімсек" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бұл іс-шара біздің елдегі шетелдіктердің құқықтық мәртебесін реттеуге бағытталған. Жедел шараның алғашқы күнінің қорытындысы бойынша шаһарда 155 көші-қон заңнамасын бұзушылар анықталды және әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 17 шетелдік Қазақстан Республикасынан шығарылды. Қазақстанда болу ережелерін бұзғаны үшін 80 шетелдік жауапкершілікке тартылды. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу заңдылығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдамағаны үшін біздің отандастарымыздың ішінен 67 қабылдаушы жауапкершілікке тартылды. Шетелдік жұмыс күшін елге тарту ережелерін бұзғаны үшін 8 жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды", - деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Асхат Бутунчинов.

Сонымен қатар, спикердің айтуынша, республикалық іс-шараның бірінші күні әділет органдарынан жасырынып жүрген 4 қылмыскер ұсталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу