Алматыда кеміргіштермен күрес жұмыстарына 71 миллион теңге бөлінді

648

Алматыда кеміргіштермен күрес жұмыстарына 71 миллион теңге бөлінді

Алматыда кеміргіштермен күрес жұмыстары басталды. Биыл егеуқұйрықтар мен тышқандарды улау науқанына 71 миллион теңге бөлінген, деп хабарлайды astanatv.kz.

Шаһардағы 47 мың гектар аумақ дәріленеді. Күрес шаралары ашық алаңдар мен саябақтар, өзен жағалаулары мен қоқыс контейнерлері маңында жүргізіледі. Ал, жер үйлердің иелеріне дәрі-дәрмек герметикалық пакетке оралып тегін берілмек.

"Өткен жылы бұл жұмыстарға 86 миллион теңге жұмсалған, тез көбейетіндіктен, олармен күрес жылда жүргізіледі. Алдымен қақпан құру арқылы орналасуы мен мөлшерін анықтауға тырысамыз. Мұнан кейін толықтай дәріленеді. Бұл шара 1998 жылдан бері тұрақты жүргізіліп келеді", - дейді Алматы қаласы ауыл шаруашылық және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Қарлығаш Әбдіжаппарова. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу