Алматыда кенелерге қарсы өндеу жұмыстары басталды

633

Мегаполисте 29 наурыздан бастап жалпы ауданы 2424,54 га құрайтын орманды алқаптарда, қала саябақтары мен гүл бақтарда кенелерге қарсы дезинсекциялық өңдеу жұмыстарының 1 кезеңі басталады.  

Алматыда кенелерге қарсы өндеу жұмыстары басталды Фото: gov.kz

Кене энцефалитіне қарсы күрестің нәтижесі сапалы болуы үшін өңдеу жұмысы екі кезеңде жүргізіледі (2 кезең - мамыр, маусым айларында), деп жазады inbusiness.kz.

Өңдеу жұмыстарымен 8 орманды алқап (көлемі - 1904,924 га), 144 қала саябақтары мен гүл бағындары (көлемі – 519,616 га) қамтылады және ауа-райына байланысты (құрғақ, жауын-шашынсыз күндері) кестеге сәйкес 2023 жылғы 29 наурыздан 28 сәуірге дейін жүргізіледі.

Дезинсекциялық іс-шараны қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің мамандарының тікелей бақылауымен "Алматы қаласының дезинфекция орталығы" филиалы атқарады. Жасақталған дезбригадалар қажетті құралдармен, көліктермен және жеке бас қорғаныш заттарымен жабдықталған.

Кене энцефалитіне қарсы дезинсекциялық өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін "Фаворит" акарицидтік препараты қолданылады. Препарат аз уытты және қауіптілігі төмен санатқа жатқызылады. Кенелермен күресу үшін қолданылатын дозалар ең аз және адамдар мен жануарлар үшін қауіпсіз болып табылады. Өңдеу жұмыстары таңертеңгілік сағаттарда жүргізіледі. Өңделетін аумақтардың шекараларында "Кенеге қарсы өңдеу жүргізілуде" ескерту хабарламалары бар тақталар орнатылады.

Осыған байланысты, Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қала тұрғындарына келесі сақтық шараларын сақтауды ұсынады:

  • акарицидты препараттың ерітіндісін денеге немесе киімге тигізіп алмас үшін, кенеге қарсы дезинсекциялық өңдеу жұмыстары жүргізілген жерлерден қашықтау жүру керек;
  • жердегі шашыратқан препараттар құрғағанша үй жануарларын өңдеу жұмыстары жүргізілген аймаққа жібермеу керек;
  • өңдеу жұмыстары жүрізілген жерлерден 40 күн бойы саңырауқұлақтарды, шөптерді немесе жидектерді жинауға және пайдалануға болмайды;
  • қала тұрғындары мен қонақтары кенеге қарсы өңдеу кезінде және одан кейін 3 күн ішінде саябақтарға, гүл бағындарға және табиғи ошақтарға бармауы керек.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу