Полицияның мәліметіне сәйкес, жоғарыда аталған аумақты аралап жүрген күзетші кеңсе ғимаратының жанынан оқ-дәрі тапқан. Оқиға орнына қаланың шұғыл қызметтері келіп, іргелес аймақты қоршауға алды.
Кейіннен саперлер хабарлағандай, граната тұтандырғышсыз және адамдарға қауіп төндірмейтіні белгілі болды.
"Алмалы аудандық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы төтенше жағдайдың мән-жайын анықтайды. Айта кетейік, жарық шуылды оқ-дәрілер – бұл адамға жарық шуылды және жарықшақты әсер ететін, өлімге әкелмейтін арнайы құралдар болып табылады", – деп хабарлады полициядан.
Айта кетейік, бұған дейін алматылық көлік полицейлері қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған оқ-дәрілерді тапқан еді.