Алматыда кибералаяқтардың әрекеті тоқтатылды

211

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.  

Алматыда кибералаяқтардың әрекеті тоқтатылды Фото: www.spot.uz

"Интернет-алаяқтықтың заманауи түрлерінің алдын-алу" жобасын іске асыру шеңберінде Алматы қаласының прокуратурасы киберқылмыспен байланысты қылмыстық схемаларды анықтау және жолын кесу жөнінде белсенді жұмысты жалғастырады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

19 тамызда прокуратураның үйлестіруімен және "Қазақтелеком" АҚ-мен ынтымақтаса отырып, ҰҚКД және қаланың ПД жедел сүйемелдеуімен Қазақстанның 2 азаматы ұсталды.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес олар, шетелдік серіктестермен сөз байласып, интернет-алаяқтық схемасын іске асыру кезінде оларға заңгерлік көмек көрсеткен.

"Күн сайын осы схеманы пайдалана отырып, ақшалай қаражатты ұрлау мақсатында елдегі азаматтарға 2000-ға дейін қоңырау шалған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, қылмыстық әрекеттің барлық мән-жайы анықталуда", – делінген қалалық прокуратура хабарламасында.

Күдікті әрекеттер байқалған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына жүгіну қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу