Алматыда киберспортшылар үшін арнайы клуб ашылды

835

2018 жылдан бастап киберспорт Қазақстанда ресми спорт түрі ретінде танылды.

Алматыда киберспортшылар үшін арнайы клуб ашылды

Алматыда креативті экономиканы дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Соған сәйкес мегаполис әкімдігінің Креативті индустрия басқармасының қолдауымен PUBG mobile мобильді ойын пәні бойынша "Aр Намыс" атты Қазақстандағы жаңа киберспорттық ұйымның тұсаукесерін өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мобильді құрылғылардағы бұл ойын әлемдегі ең танымалдардың бірі.

Іс-шара барысында Еуропа және әлем чемпионаттарында еліміздің атынан шығатын танымал киберспортшылардан тұратын команданың бірінші құрамы таныстырылды. Команданың барлық қатысушыларымен кәсіби келісім-шарттарға қол қойылды және оларға ең заманауи гаджеттер берілді. 2018 жылдан бастап киберспорт Қазақстанда ресми спорт түрі ретінде танылғаны белгілі.

"Киберспорт бүкіл әлемде қарқынды дамып келеді. Біздің міндетіміз-халықаралық турнирлерде жақсы нәтиже көрсетіп жүрген жастарымызды қолдау және әлемдік киберспорт картасынан өз орнын алу. Осы мақсатта біз киберспортты перспективалы индустриялардың бірі ретінде Алматының креативті экономикасын дамыту стратегиясына енгіздік. Киберспортқа жүйелі қолдау көрсету және түрлі турнирлерді ұйымдастыру жоспарда бар. Бұл да Алматыны жастардың креативті қаласы ретінде дәріптейді", - деді Алматы қаласы әкімінің креативті экономика жөніндегі кеңесшісі Эрнар Құрмашев.

Айта кетерлігі, "Алматы-2050" даму Стратегиясына сәйкес қала экономикасында креативті экономиканы дамыту жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу