Алматыда кілем жумақ болған жүкті келіншек өзенге ағып кетті

883

32 жастағы Әсия Мұсаева әлі табылған жоқ.

Алматыда кілем жумақ болған жүкті келіншек өзенге ағып кетті

Алматыда кілем жумақ болған жүкті келіншек өзен суына ағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

32 жастағы Әсия Мұсаева жолдасымен бірге ел арасында Есік бағы атанып кеткен Есік каналына кілем жууға барған. Әйел адам су жағасында тұрғанда сабыннан аяғы тайып, өзен суына ағып кетті. Келіншектің күйеуі артынан біраз жерге дейін жүзіп барған. Бірақ таба алмаған.

Отбасында екі бала бар келіншек үшінші сәбиіне жүкті болған.

"Іздеп жатқанымызға 3-тәулік болды. Сол күні күйеу балам іздеген. Судың бойындағы адамдар да іздесуге көмектескен. Бір де бір көлік тоқтамаған. Қазір судың жағасын менің әкем, бауырларым, күйеубалам кезіп іздеп жүр. Өлі-тірісін білмейміз", - деді Әсияның әпкесі Шахризада Маратова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу