Алматыда клуб бармені есірткі сатқаны үшін 10 жылға сотталды

502

Полиция қызметкерлері оның қылмыстық әрекетін 2022 жылдың тамыз айында анықтаған.

Алматыда клуб бармені есірткі сатқаны үшін 10 жылға сотталды Фото: polisia.kz

Бұл туралы inbusiness.kz  Polisia.kz сайтының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Мефедрон жеткізу арнасын анықтау іс-шарасы нәтижесінде полиция қызметкерлерінің назарына қаладағы ойын-сауық мекемелерінің бірінің бармені түсті. Оның жұмыс орнында – түнгі клубтың бар кассасында мефедрон сатуды ұйымдастырғаны анықталды. Күдікті есірткі сату кезінде қолға түсті. Барды және жеке тінту кезінде одан сатуға дайындалған, ішінде мефедрон байламдары бар темекінің екі қорабы тәркіленді. Тергеу шаралары ұсталған азаматша тұрған үйде жалғасты. Сатуға дайындалған 20 доза мефедроннан бөлек, электронды таразы, қаптама материалы және есірткі заты бар 3 байлам табылды, – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов. 

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен В. есімді азаматша, ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің 3,6-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ол жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу