Алматыда жаяу жүргіншілер жолымен келе жатқан қыздың үстіне ағаш құлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Желідегі мәліметке сәйкес, жұмыстан кофе алуға шығып, қайтып келе жатқан кезде үстіне ағаш құлаған. Ол алған жарақаттарынан жан тапсырды.
Алматы қаласы полиция департаменті бұл деректі растап, тергеу жұмыстарын бастады.
"Аталған дерек бойынша Алматы қаласы Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – деп хабарлады полициядан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу