Алматыда қоғамдық көлік жол үстіндегі ойыққа түсіп кетті

689

Оқиға оңтүстік шаһардағы Алатау ауданында болған.  

Алматыда қоғамдық көлік жол үстіндегі ойыққа түсіп кетті Фото: kris.p_kz

Алматыда №122 жолаушылар автобусы жол үстіндегі ойыққа түсіп кеткен, деп жазады inbusiness.kz

Оқиға орнынан түсірілген сурет әлеуметтік желілерде тарады. Жарияланым авторының айтуынша, оқиға қаладағы Мәдениет шағын ауданында  болған.

"Барлығы опырылып жатыр. Жол ешқашан жөнделмеген. Жоғарыдағылардың біреуі келген кезде ғана жөндей бастайды.  Бізде тіпті жол жиегі де жоқ, бәрі опырылып жатыр. Көліктер мен автобустар өте алмайды", - деп жазылған публикацияда.

Аталмыш жағдайға байланысты қалалық энергетика басқармасы жауап берді. Ведомствоның айтуынша, мамандар көрсетілген мекен-жайға барды.

"Связьстроймеханизация" ЖШС мердігерлік ұйымы басқармасының тапсырысы бойынша 2019 жылы Рахат (Мәдениет) шағын ауданында магистральдық су құбыры және кәріз желілерін салу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды.

Бүгінгі таңда мердігер ұйымның күшімен кепілді міндеттемелер негізінде жауын-шашын көп түсуінен пайда болған шұңқырлар мен ойықтарды толтыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Шұңқыр орны сигналдық лентамен қоршалды, жақын арада құм себу жұмыстары жүргізіледі", - делінген қалалық әкімдігінің энергетика басқармасының хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу