Алматыда қоғамдық көлікте телефонмен қатты сөйлескен әйелді ұрған қарт адам қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Күні кеше желіде автобуста болған жанжал көрсетілген бейнежазба таралды.
"Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр", – деді Алмалы ауданы Полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің бастығы Батыржан Әбдімасаров.
Айта кету керек, осыған дейін Алматыда ер адам қоғамдық көлікте телефонмен қатты сөйлескен әйелді ұрғанын жазған болатынбыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу