Алматыда қоғамдық көлікте қызмет көрсетудің жаңа тәсілі енгізіледі

349

Бұл туралы шаһар әкімі Ерболат Досаев айтты. 

Алматыда қоғамдық көлікте қызмет көрсетудің жаңа тәсілі енгізіледі Фото: inbusiness.kz

Биыл 1 шілдеден бастап мегаполистің қоғамдық көліктерінде қызмет көрсетудің жаңа тәсілі енгізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Автобустар мен троллейбустардың ішінде отырған ерекше қажеттілігі бар адамдарға, қарттарға, жүкті әйелдерге және балалары бар жолаушыларға орын беруге шақыратын дыбысты ескертулер қосу керек деп ойлаймын", - деді ол.

Ерболат Досаев осы мәселеге қатысты жоспар бар екенін жеткізді.

"1 шілдеге дейін қоғамдық көліктердің қызмет көрсетуіне жаңа тәсілдер енгізуді жоспарлап отырмыз. Қажетті өзгерістер мен толықтырулар болады", - деді қала басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу