Алматыда қоғамдық көлікте жол жүру ақысы қымбаттауы мүмкін

970

Мәселе қоғамдық талқылаулардан кейін шешіледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімінің орынбасары Серік Құсайынов мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматыда қоғамдық көлікте жол жүру ақысы қымбаттауы мүмкін

Бұл ретте спикер тарифті көтеру – міндет емес, қажеттілік деп ақталды. 

"Тарифтерді көтеру қажет. Қазір жол ақысы 80 теңге. Біз тарифті ертең көтереміз деп отырған жоқпыз. Тарифті көтеретін болсақ, қала тұрғындарымен ақылдасатын боламыз. Бұл өте өзекті мәселе. Аталған сұраққа көктемде қоғамдық талқылаулардан кейін қайта ораламыз", – деді Серік Құсайынов. 

Алматыда бүгінде 2 400-ден астам қоғамдық көлік жұмыс істейді. Оның ішінде 515 газбен жүретін автобус, 196 троллейбус, 15 электробус және 1 715 дизельді автобус бар. "Алматыэлектротранс" биылғы және алдағы жылдары газбен жүретін 300 автобус сатып алуды жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу