Алматыда қоғамдық көліктерде тегін жүруге санаттар кеңейтілді

1172

Алматыда мұқтаж жандардың жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде жүру үшін жеңіл жолақы ұсынылады.    

Алматыда қоғамдық көліктерде тегін жүруге санаттар кеңейтілді Фото: Мария Матвиенко

Алматыда көпбалалыларға, әскери іс-қимылдар ардагерлеріне және мүгедек балаларды жетектеп жүретіндерге жеңіл жолақы ұсынылады, деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.

Алматы қаласының әкімдігі VII шақырылымдағы мәслихаттың кезектен тыс II сессиясының барысында қалалық қоғамдық көліктерде жеңіл жолақыны пайдалана алатын  адамдар санаттарының тізімін кеңейту туралы бастаманы ұсынды. Депутаттар оның оң  шешім екенін атап өтіп, бірауыздан қолдады.

Қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жеңілдікпен жүру құқығы бұрыннан бар 9 санаттан өзге келесі 3 санатқа жататын қалалықтарға да берілетін болады, олар мыналар:
 -    басқа мемлекеттердің аумағындаы әскери  іс- қиымлдарға қатысқан ардагерлер;
-    "Алтын алқа" және "Күміс алқамен"  марапатталған  көпбалалы аналар;
-    он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларды  жетектеп жүретін тұлғалар.

Бүгінгі күні Алматыда 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды алып жүрушілер саны –1 161 (осы санаттағы тұлғаларға 50% жеңілдік) және "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналар саны– 4 663 (тегін жол жүру).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу