Мегаполисте жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жолаушылар тасымалы саласында тәртіп орнатуға бағытталған республикалық "Тасымалдаушы" жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Көліктің техникалық жағдайына, рұқсат құжаттарының болуына, жүргізушілердің еңбек және демалыс режимінің сақталуына, сондай-ақ заңсыз тасымал фактілеріне назар аударылады.
"Биыл қоғамдық көліктердің қатысуымен 28 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 31 адам жарақат алды. Бұл профилактикалық жұмысты күшейту қажеттігін көрсетеді. Аталмыш іс-шара аясында біз тек қоғамдық көліктерді ғана емес, барлық тасымалдаушыны тексереміз. Біздің міндетіміз – қатаң бақылау жүргізу, заңсыз тасымал фактілерін болдырмау және қауіпсіздік талаптарының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету. Жолдағы заң мен тәртіп – қала тұрғындарының қауіпсіздігінің кепілі", – деді Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Шумаев.