Қоғамдық көлік жұмысының мониторингі мен талдауы жолаушылар ағынының 70%-ға төмендегенін көрсетті. Осыған байланысты төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Алматының жедел штабы қалалық автобус маршруттары мен метроның жұмыс уақытын қысқарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды әкімдіктің сайты.
Осылайша қаладағы қоғамдық көлік сағ. 06.00 мен 19.00 арасында жұмыс істейтін болады.
Айта кетейік, бұған дейін жолаушылар ағынының айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, қала тұрғындарының еркін қозғалуы үшін автобустар штаттық режимде жұмыс істеуін жалғастырып келген еді. Ал қалааралық және қала маңындағы маршруттардың жұмысы тоқтаған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу