Алматыда қоғамдық орында түкірген 100-ден астам адамға айыппұл салынды

490

Айыппұл сомасы 1 млн 770 мың теңгені құрады.

Алматыда қоғамдық орында түкірген 100-ден астам адамға айыппұл салынды Фото: polisia.kz

Алматыда қоғамдық орындарда түкірген 100-ден астам адамға айыппұл салынды. Осыған дейін хабарланғандай, Алматыда полицейлер қоғамдық орындарды ластау деректерін анықтау және жолын кесу мақсатында рейд жүргізіп жатыр. Іс-шараның мақсаты – азаматтардың қаланың эстетикалық келбетіне әсер ететін жалпы қабылданған іс-әрекет нормаларын сақтауға үгіттеу.

"15-22 қыркүйек аралығында қоғамдық орындарды ластаудың 234 дерегі анықталды. 103 жағдайда түкірген азаматтарға айыппұл салынды. Осы деректер бойынша құқық бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұл сомасы 1 млн 770 мың теңгені құрады. Жалпы, жыл басынан бері қоғамдық орындарды ластағаны үшін жалпы сомасы 84 млн 559 мың 500 теңгеге 4902 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Ержан Ұзабаев.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу