Халық тығыз орналасқан, көлік қозғалысы қарқынды әрі қалалық өмір белсенді ортада дрондар заманауи әрі тиімді мониторинг құралы ретінде пайдаланылуда, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ұшқышсыз ұшу аппараттары қоғамдық орындарда, көше-жол желісінде, азаматтардың жаппай жиналатын және оларға іргелес аумақтарда жалпы ахуалды бақылауға мүмкіндік береді. Оларды пайдалану қоғамдық тәртіптің бұзылуының алдын алуға, оның ішінде ұсақ құқық бұзушылықтарды анықтауға, сондай-ақ төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге бағытталған.
Дрондарды пайдалану нақты уақыт режимінде болып жатқан жағдайдың объективті көрінісін алуға, адамдардың шоғырлануын, қозғалыстағы қиындықтарды, қауіпсіздігі төмен учаскелерді, абаттандыру қағидалары мен қоғамдық тәртіптің бұзылуын дер кезінде анықтауға, сондай-ақ полиция жасақтарының әрекеттерін тиімді үйлестіруге мүмкіндік береді.
Алматы қаласы Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Шумаевтың айтуынша, заманауи технологиялар полицияның профилактикалық жұмысының ажырамас бөлігіне айналуда.
– Дрондар – ең алдымен алдын алу құралы. Олар бізге жағдайды кең ауқымда көруге көмектеседі: тек жолдарда ғана емес, сонымен қатар қоғамдық кеңістіктерде – аулаларда, алаңдарда, адамдар көп жиналатын орындарда. Мұндағы басты мақсат – тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және Алматы тұрғындары мен қонақтары үшін қауіпсіз орда қалыптастыру, – деп атап өтті Серік Шумаев.