Алматыда қоғамдық тәртіп қалай бақылануда

1605

Полицияның 23 мобильді пунктіне 2,5 мың адам жүгінген.

Алматыда қоғамдық тәртіп қалай бақылануда

Алматыда қоғамдық тәртіпті сақтау үшін тәулік сайын полицияның 1650 қызметкері 550 бағыт бойынша патрульдеу жүргізеді. Бұл туралы Алматының полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаев айтты, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

"Барынша криминогенді 32 учаскеде патрульдеу қызметкерлерінің саны 350 адамға дейін көбейді. Бұл мұнда қылмысты 17,4 пайызға дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Аталған учаскелерде қылмысты "ізін суытпай" ашу 11,8 пайызға артты",– делінген хабарламада.

Хабарламада айтылғандай, Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша ашылған полицияның 23 мобильді пунктіне қазірдің өзінде 2,5 мың адам жүгінген, оларға құқықтық және заңнамалық көмек көрсетілген.

Серік Күдебаевтың айтуынша, мұндай пункттердің саны 32-ге дейін жететін болады әрі олар адамдар көп жиналатын жерлерге орнатылады.

"Жалпы, криминогенді учаскелерде патрульдеуді күшейту және полицияның мобильді пункттерін құру қала бойынша қылмыс деңгейін 11%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік берді",– делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу