Алматыда қойма өртенді

1360

Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде ТЖД жанындағы 4 нысанға жалынның таралуын алдын алды.   

Алматыда қойма өртенді

Алматыда Жетісу ауданындағы солтүстік айналма жолындағы  қоймалардың бірінен өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz

"3 шілдеде таңғы 4:44-те Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 101 пультіне  Жетісу ауданындағы солтүстік айналма жолындағы  қоймалардың өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Күштер мен құралдар жоғары дәрежедедегі шақырту бойынша шықты. Қоймалары ашық жалынмен жанып, көрші қоймаларға өрт қаупі төнді. Оқиға орнында 4 өрт сөндіру учаскесі құрылды. Барлық сумен жабдықтау көздері іске қосылып, суды үздіксіз беру қамтамасыз етілді, өртті сөндіруге  авиация тартылды", – деп жазылған хабарламада. 

Өртті ауыздықтауға 84 қызметкер мен 24 бірлік техника, сондай-ақ қаланың өзара шұғыл ден қою қызметі жұмылдырылды.

"Өрт басталғаннан бері Алматы қаласы ТЖД қала бойынша түтіндеуді мониторингілеу және өрттерді анықтау камераларымен онлайн-режимінде  бақылады. Өрт 07:44-те оқшауланып, 08:19-да толығымен жойылды. 
Қабылданған шаралар нәтижесінде қатар орналасқан тауар-материалдық құндылықтары бар 4 қоймаға өрттің таралуына жол берілмеді. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ",  – деп жазылған хабарламада. 

Соңғы деректерге сүйенсек, өртенген нысан велосипед жабдықтары сақталған қойма болған. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу