Алматының Жетісу ауданында қоймадағы өртті сөндіруге тікұшақ тартылды, деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан".
Қазір тікұшақтан 3 кубтан 7 рет су шашылыпты.
Өртті сөндіруге Алматының өрт сөндіру қызметінің 67 қызметкері мен 27 бірлік техникасы, сондай-ақ құралдармен жабдықталған 2 ұшақ жұмылдырылған.
Еске сала кетсек, қоймадан өрт шыққаны туралы хабар бүгін таңертең түсіпті. Алдын ала анықталғандай, қоймада 200 тонна сырлауға арналған бояу бар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу