2024 жылғы 24 сәуірде Алматыда жаңбыр кезінде найзағай Көк Төбедегі телемұнараға тиген. Бұл сәтті жергілікті фотограф Александр Шаварев түсіріп алған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ол бұл қысқа әрі ерекше бейнені өзінің Instagram парақшасында жариялады.
Оқырмандар бұл кадрға қатысты түрлі пікірлерін білдіріп жатыр.
Естеріңізге сала кетсек, синоптиктер бүгін Алматыда күндіз найзағай күтіледі, найзағай кезінде екпінді жел 15-20 м/с деп болжам жасаған еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу