Алматыда көк түсті бояумен көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп жытыр – Әкімдік түсінік берді

246

Мұнда көгалдандыру үшін гидросебу әдісі қолданылған.

Алматыда көк түсті бояумен көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп жытыр – Әкімдік түсінік берді Фото: Алматы әкімдігі

Әлеуметтік желіде Алматыдағы көшелердің бірінде жердің көк түске боялып жатқаны туралы суреттер тарай бастады. Аталған іске қатысты әкімдік түсініктеме берді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Жұрттың таңданысын тудырған бояу қаланы көгалдандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс болып шықты. Қала әкімдігінің мәліметінше, бұл жұмыстар Жароков, Жандосов, Сәтбаев көшелері мен әл-Фараби даңғылы бойында жол бөлігі мен тротуар арасына жүргізілген.

– Гидросебу – газон шөбінің тұқымын гидроегу құрылғысы арқылы себу тәсілі. Бұл әдісте тұқым табиғи жасыл бояғышпен гидрогель, бекіткіш, синтетикалық талшықтар, топырақ жақсартқыштар және тыңайтқыштар араластырылған қоспа түрінде дайындалады. Бұл шөпті тегіс емес жерлерде және үлкен көлемде отырғызуға мүмкіндік беретін заманауи көгалдандыру технологиясы. Мұндай әдіспен қала саябақтары мен скверлері көгалдандырылады, – деп хабарлады әкімдіктен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу