Аяз сақталып, соның салдарынан көктайғақ болады деп күтіледі, деп жазады inbusiness.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, одан кейінгі күндері 25 градусқа дейін қатты суық болады. Бұл тұрғыда жергілікті Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды қала сыртына шықпауға, қалың киініп жүруге және жүргізушілерді жылдамдықты асырмауға шақырды.
Қазір шаһардың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ өндірістік базаларда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу