Алматыда көктайғақ: көлік иелеріне шиналарды ауыстыру ұсынылады

"Қазгидромет" РМК болжамы бойынша, 31 қазаннан 1 қарашаға қараған түні Алматы қаласында  жауын-шашынның соңы қарға ұласады деп күтілуде. 

Алматыда көктайғақ: көлік иелеріне шиналарды ауыстыру ұсынылады Фото: Inbusiness.kz

Түнде ауа температурасы -3 градусқа дейін төмендеп, көктайғақ болады дем күтілуде.

Осыған байланысты көлік иелеріне жазғы шиналарды қысқы шиналарға ауыстыру ұсынылады.

Коммуналдық қызметтердің көктайғаққа қарсы жұмыстарды жедел және сапалы жүргізуін қамтамасыз ету мақсатында автокөлік иелерінен мүмкіндігінше қала бойынша қозғалысты шектеуді сұраймыз.

"Жолдардың жүріс бөлігінде мұз қабаты  пайда болуы мүмкін, сондықтан жүргізушілер қозғалыс жылдамдығын төмендетіп, автомобильдер арасындағы қашықтықты сақтап, апаттар қаупінің жоғарылауын ескере отырып, маневр жасаудан аулақ болу керек. Жаяу жүргіншілер де мұз қабығының пайда болуына байланысты тротуарларда жүргенде абай болу керек", – деп хабарлады Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы.

Коммуналдық даму басқармасы көктайғаққа қарсы жұмыстарды жүзеге асыру үшін Алматы қаласының инфрақұрылымына 10 мердігер ұйым, 818 бірлік техника және 1 240 жол жұмысшысы тартылды. 76 тонна көктайғаққа қарсы материалдар дайындалды.

"2023 жылы техниканы жаңарту және еңбекті механикаландыру мақсатында 101 бірлік техника сатып алынды. Барлық техника әмбебап болып табылады және қыста да, жазда да қолданылады", – деп хабарлады Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу