Алматыдағы қоқыс зауытында қоқыс пакетінің ішінде жаңа туған сәби табылған. Полиция бұл дерекке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
ПД мәліметінше, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Оқиға 14 шілдеде "Green Recycle" ЖШС зауытында қалдықтарды сұрыптау кезінде болған.
Сәбидің денесін кәсіпорын жұмысшылары конвейер желісінен тауып алған. Сәби қоқыс дорбасына оралған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу