Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапарының аясында қалдықтарды сұрыптау зауытының құрылысы барысымен танысты, ол еуропалық жабдықтармен жабдықталатын болады. Компанияның өндірістік қуаты қаланың қалдықтарын қайта өңдеу қажеттілігін толығымен жабады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қалдықтарды сұрыптау кешенінің құрылысы "Green Recycle" ЖШС жеке инвестициялары есебінен жүзеге асырылады. Сұрыптау үрдісі барысында қайта пайдалануға жарамды компоненттер таңдалады. Жылына 550 мың тонна қуаты бар зауыт 2018 жылдың жазында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Алматы әкімінің айтуынша, тұтастай алғанда қалдықтарды сұрыптау кешенінің пайда болуы өнеркәсіптің дамуына серпін береді және мегаполистегі экологиялық жағдайды жақсартады.