Синоптиктердің болжамынша, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы қаласында болады. Бұл туралы inbusiness.kz сайты "Қазгидромет" РМК-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Қолайсыз ауа-райы жағдайлары – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (соның ішінде тыныштық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Сондай-ақ, қолайсыз ауа-райы жағдайлары туындаған жағдайда елді мекендерде атмосфералық ауа сапасы нашарлауы мүмкін.
Бұдан бөлек, ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі синоптикалық жағдайдың болжамы болып табылады. Ал оның ішінде жел, жауын-шашын, ылғалдылық және ауа температурасы бар.