Алматыда қолдан қымбат ішімдік жасағандар ұсталды

754

Алматыда қолдан қымбат ішімдік жасағандар ұсталды

Алматы облысында виски ішімдігін заңсыз жасаған деген күдікпен бір адам ұсталды. Ол бастаған топ астыртын цехта қымбат вискидің бос шөлмектерін арзан шарап пен коньякты араластырып толтырып отырған, деп хабарлайды КТК.
Қымбат виски ішімдігі Алматы іргесіндегі Байсерке елді мекенінде жасалып келген. Онда шетелдік ішімдіктің бос шөлмегіне бірнеше арзан шарап пен коньякты араластырып құйып, қаланың түнгі клубтарына жеткізіп отырған. Цехты тексеру кезінде акцизді маркалар мен қақпақтар табылды. Сонымен бірге, бос шөлмектермен арнайы станокта тәркеленді. Күдіктінің айтуынша шөлмектен басқасының барлығын Қытайдан алдырған. Астыртын цех қанша уақыт жұмыс істеп қанша адамды сапасыз өніммен улағанын ешкім басып айта алмайды. Істің анық-қанығы тергеу амалдары аяқталған соң белгілі болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу