Жүргізушінің сақтандыру полисі де болмаған. Ережеге сәйкес, автокөлік арнайы айып тұрағына қойылған.
Арада біраз уақыт өткенде иесі сол автотұраққа келіп, алдымен көлігіне бензин шашып, жағып жіберген. Содан кейін өзіне бензин құйып, өзін өртеп жіберген.
Полиция қызметкерлері мен куәгерлер өртті дереу сөндіріп, жүргізушіні аман алып қалған.
Жүргізуші шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Бүгін оның қайтыс болғанын Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы мен Полиция департаменті растады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу