Алматыда көлік бірнеше адамды қасақана қағып кетті

3525

ЖКО-ға көршілес екі көңіл көтеретін орында демалып отырған екі компанияның сөзге келіп қалуы себеп болған. 

Алматыда көлік бірнеше адамды қасақана қағып кетті

Алматыда көлік қағып кету салдарынан зардап шеккен үш адам аурухана жатқызылды, деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

ЖКО-ға көршілес екі көңіл көтеретін орында демалып отырған екі компанияның сөзге келіп қалуы себеп болған.
"Жанжал нәтижесінде жанжалдасушылардың бірі қарсыластарын көлікпен басып кетіп, оқиға орнынан жасырынып қалған. Олардың кім екені анықталды, қазір оларды ұстауға қатысты шара қолданылып  жатыр", – деп жазылған полиция хабарламасында

Көлік басып кету салдарынан түрлі жарақат алған үш адам қалалық ауруханаға жеткізілген.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі жүргізіліп жатыр.      

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу