Алматыда көлік иелерінен 50 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл өндірілді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алматыда "Борышкер" жедел алдын-алу іс-шарасы аяқталды. Науқан барысында әкімшілік полиция қызметкерлері, сондай-ақ прокуратура өкілдері мен жеке сот орындаушылары 50 млн теңгені құрайтын әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алды.
"Екі күн ішінде мемлекеттік бюджетке 50 млн теңге түсті. Айыппұлдары төленбеген 32 автокөлік мамандандырылған тұраққа қойылды, 298 жүргізуші 35 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұлдары бойынша берешегі бары туралы хабарландыру алды, сондай-ақ бұрын жеке сот орындаушыларымен 71 млн теңге сомасына бұғат қойылған көліктер ұсталды", – деді Полиция департаменті Әкімшілік Полиция басқармасының бастығы Нұрлан Аманбек.
Іс-шара барысында 600 мың теңгеден асатын әкімшілік берешегі бар тұрғын жолда тоқтатылып, қарызы толық өтелгенше көлігі де арнайы тұраққа қойылды. Сонымен қатар жалпы сомасы 546 мың теңге алимент төлемеген қала тұрғыны анықталды.