Алматыда көлік қаққан әйел мен оның баласы мерт болды

1021

Қаққан адам оқиға орнынан қашып кеткен.

Алматыда көлік қаққан әйел мен оның баласы мерт болды

Алматыда көлігімен әйел мен оның баласын қағып кетіп, оқиға орнынан із суытқан BMW маркалы көліктің жүргізушісі іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жол-көлік оқиғасы Бурундай көшесінде, кеше 22:00 шамасында орын алған.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, әйел адам тілге келмей, сол жерде көз жұмған, оның 5 жастағы баласы ауруханаға жеткізілгенімен, өмірін алып қалу мүмкін болмады.

Шұғыл тергеу тобы жүргізген тексерулерден кейін, BMW рөлінде болған 1986 жылғы, Алматы облысы, Іле ауданының тұрғыны екені анықталған.

Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу