Алматыда көлік жүргізушісі тұрақ ақысын төлемеу үшін жалған нөмірмен жүрген

854

Құқық бұзушыға айыппұл салынды. 

Алматыда көлік жүргізушісі тұрақ ақысын төлемеу үшін жалған нөмірмен жүрген

Алматыда жол талғамайтын көлік жүргізушісі тұрақ ақысын төлемеу үшін жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін тағып алған, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Патрульдік полицейлер Абылай хан мен Қазыбек би көшелерінің қиылысынан  “Mitsubishi” көлігін тоқтатқан. Себебі тәртіп сақшылары көлікке орнатылған түрлі мемлекеттік тіркеу нөмірлеріне назар аударған. 

“Кейін көлік иесі анықталды. Ер адам тұрақ ақысын төлемеу үшін жалған нөмір орнатқанын айтты. Бұл әрекеттер заңнамаға қайшы келеді. Сонымен қатар әкімшілік жауапкершілікке тартуға негіз болады. Құқық бұзушыға айыппұл салынды. Оның көлігі мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды”, – деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу