Алматыда әкесімен жасты күзетшіні ұрған жігіт ұсталды

877

Құқықбұзушы ұсталды. 

Алматыда әкесімен жасты күзетшіні ұрған жігіт ұсталды Фото: видео скриншот

Алматыда жас жігіт тұрғын үй кешенінің маңында егде жастағы күзетшіге шабуыл жасаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға "Столичный" тұрғын үй кешенінің маңында түсірілген. Кадрлардан ер адам көліктен түсіп, әуелі оны итеріп, сосын қарт күзетшінің ішінен ұрғанын көруге болады.

Куәгерлер мұны тоқтату үшін бірден жандарына барған. Жүргізушінің бұл әрекетіне дейін не болғаны айтылмады.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі видеоға қатысты түсінік берді.

“Осы факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Құқық бұзушы ұсталды. Оның іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Ер адам алған дене жарақаттарының ауырлық дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды”, – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу