Алматыда көлікке нөмір алу қиындады

1278

Мегаполис тұрғындары сары нөмір ала алмай жүр. 

Алматыда көлікке нөмір алу қиындады

Біраз уақыт бұрын мотоцикл иелері Алматыдағы мамандандырылған ХҚКО-да тіркеу нөмірлері жетпей жатыр деп шағымданған болатын. Бірақ нөмір ала алмай жүрген жалғыз олар емес екен. Ел аумағындағы шетелдіктердің де мемлекеттік нөмірсіз отырғанына бір ай болыпты. Ереже бойынша, олар сары нөмір алуға тиіс, алайда белгі таусылып қалғанға ұқсайды.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік нөмірді жасаумен Ішкі істер министрлігіне қарасты "Ақпараттық-өндірістік орталық" республикалық мемлекеттік кәсіпорны айналысады. Компания жеке куәлік, жүргізуші куәлігі сынды бірқатар құжатты басып шығарады. 2019 жылы бұл мекеме конкурста жеңіп алып, көлік нөмірлерін де жасай бастаған. 

Олжас Оқас

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу