Алматыда көлікпен соқтығысқан автобус ғимаратқа кіріп кетті

267

Автобус жүргізушісі Жандосов көшесімен келе жатып, Яссауи көшесіне бұрылғанда көлікке ие бола алмай қалған.  

Алматыда көлікпен соқтығысқан автобус ғимаратқа кіріп кетті Фото: Видеодан скриншот

Алматыда қоғамдық көлік жол апатына ұшырады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты сағат 06:15-те Әуезов ауданында болған. Нәтижесінде автобус Chevrolet Cobalt көлігімен соқтығысып, қозғалысын тоқтатпастан жақын маңдағы ғимаратқа кіріп кеткен.

– Жол-көлік оқиғасынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайын Әуезов аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр, – деп хабарлады полициядан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу