Алматыда көлікті басқаруға құқығы жоқ жасөспірім ұсталды

181

Автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды. 

Алматыда көлікті басқаруға құқығы жоқ жасөспірім ұсталды Фото: видео скриншот

Алматы қалалық полиция департаменті кәмелетке толмаған жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұзу фактісін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг нәтижесінде Сейфуллин көшесі бойымен солтүстік бағытта Mercedes-Benz автокөлігінің қарсы жолаққа шыққаны белгілі болды. Осылайша көлік тізгінін басқарған жасөспірім Тимирязев көшесінің қиылысында ұсталды.

Полицейлер 2008 жылы туған И.А. есімді азаматты ұстап, оның көлік құралын басқаруға құқығы жоқ екені анықталды.

Кәмелетке толмаған бала Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 596-бабының 5-бөлігі (Қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығу) бойынша әкімшілік жауапқа тартылды.

Оның заңды өкілі У.Г. ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігі бойынша тәрбие міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды. Құқық бұзушымен және оның заңды өкілімен тиісті түсіндірме әңгіме жүргізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу