Алматыда колледж студенттері жарылғыш зат туралы жалған ақпарат берген

350

Екі студент ұсталды.

Алматыда колледж студенттері жарылғыш зат туралы жалған ақпарат берген Фото: freepik

Алматыда колледж студентері полицияға жарылғыш зат туралы жалған ақпарат берген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полиция департаментінің мәліметінше, Алматыдағы колледждердің біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама 13 қараша күні сағат 10:35-те келіп түскен.

Қаланың төтенше жағдайлар және жедел қызметтері дереу ғимарат пен оның маңайына комиссиялық тексеру жүргізді, нәтижесінде жарылғыш құрылғылар, оқ-дәрілер немесе басқа да қауіпті заттар табылған жоқ.

Жалған ақпарат берді деген күдікпен 1-ші курста оқитын 16 жастағы Ж. есімді және 15 жастағы Т. есімді студенттер ұсталды.

Олардың әрекеті ҚР ҚК-нің 273-бабымен (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) сараланды.

"Айғақты заттар тәркіленді, олар бойынша сараптама тағайындалды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеуді Бостандық аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімі жүргізіп жатыр", деп хабарлады департаменттен.

Алматы полициясы жалған хабарлама таратқан адам қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын тағы да еске салады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу