Алматыда қолжетімді тұрғын үйлер саны артты

831

Биыл әлеуметтік бағдарламалар бойынша үш мыңнан аса пәтер беріледі. 

Алматыда қолжетімді тұрғын үйлер саны артты

Жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Алматыда жаңа тұрғын үйлердің құрылыс қарқыны туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Оның дерегінше, биыл "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында жүздеген отбасы баспаналы болады.

"2021 жылы жобаны жүзеге асыруға 40 млрд теңге бөлінді. Мемлекеттік бағдарлама аясында Алматы қаласында ағымдағы жылы жалпы ауданы 248,5 мың шаршы метр болатын немесе 3 937 пәтерлі қолжетімді тұрғын үйді пайдалануға беру жоспары бекітілді. Оның ішінде 1 889 пәтер тұрғын үй сатып алу құқығынсыз жалға беріледі және 2 048 пәтер банк салымшылары мен жергілікті атқарушы органдардың кезегінде тұрғандар үшін несиелік тұрғын үйге арналған.  Бірінші жартыжылдықта Алматыда Наурызбай ауданының "Алма Сити-5" тұрғын үй кешенінде 38 үйдің құрылысы аяқталды. Бұл Алатау ауданының Мәдениет шағын ауданындағы 1 110 пәтер немесе 239,29 мың шаршы метр және төрт үй, бұл 144 пәтер немесе 12,66 мың шаршы метр", - деді спикер.
 
Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 1254 пәтерлі немесе 82,37 мың шаршы метр 44 үй пайдалануға берілді. 

Сонымен қатар, Түрксіб ауданында өткен жылдың соңында "Жас қанат-2" шағын ауданын дамыту басталды, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы тоғыз қабатты 41 үйдің құрылысын қарастырады, оның ішінде 35 үйде құрылыс жұмыстары басталды. Сонымен қатар, мұнда 1 500 балаға арналған мектеп салынады. Қалған алты үйге конкурс жарияланды. Олардың құрылысы биыл басталып, 2022 жылы аяқталады. Жайлы қалалық орта басқармасының басшысы  тұрғын үй кешендері құрылысының аяқталуы бірқатар мемлекеттік бағдарламалар аясында алматылықтарды тұрғын үймен қамтамасыз ететінін айтты. 1 254 пәтердің барлығы несиелік баспана ретінде беріледі. 

Сонымен қатар, биыл Түрксіб ауданындағы "Жас қанат" шағын ауданында тұрғын үй кешенінің құрылысы басталды. 35 тоғыз қабатты тұрғын үй немесе 2 705 пәтер салу жоспарлануда. Пәтерлердің жалпы ауданы 163,1 мың шаршы метрді құрайды. 

"Тұрғын үй салумен қатар білім беру мен денсаулық сақтаудың әлеуметтік нысандарын кешенді дамытудамвз. Құрылысты жүргізушлер өздерінің меншік учаскелерінде  мектептер, балабақшалар мен медициналық мекемелер салуды да қарастырған. Кейіннен бұл нысандар қаланың коммуналдық меншігіне өтеді, тиісті механизм әзірленуде", - дейді Сапар Нұрашев. 

Басқарма басшысы Наурызбай ауданының Таусамалы және Ақжар шағын аудандарында әрқайсысы 120 орынды екі балабақша салынғанын атап өтті. Сондай-ақ, Балалардың әлеуметтік бейімделу орталығының, №23, 71, 186 күндізгі балабақшалардың, №81 мектептің және №6 емхананың сейсмикалық күшейту және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу