Алматыда көмір пайдаланатын кәсіпкерлік нысандарының саны азайып келеді

191

516 кәсіпкерлік нысаны әлі де қатты отын пайдаланады.

Алматыда көмір пайдаланатын кәсіпкерлік нысандарының саны азайып келеді Фото: kapital.kz

Алматыда көмір базаларын қала аумағынан Алматы облысына көшіру және кәсіпкерлік нысандарын қатты отыннан газға ауыстыру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл мәселелер Экология мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралды.

2026 жылдың соңына дейін қаладағы көмір базаларына теміржол арқылы көмір жеткізуді тоқтату және қолданыстағы алаңдарды жалға алу шарттарын бұзу жұмыстарын аяқтау жоспарланған.

Сонымен қатар кәсіпкерлік нысандарын газға көшіру жұмыстары жүргізілуде. Жалпы 2 395 нысанның 1 879-ы табиғи газға ауыстырылған. Ал қалған 516 нысан әлі де көмір мен қатты отынның басқа түрлерін пайдаланып отыр.

Жеке секторды газдандыру деңгейі 99,6%-ға жетті. Бұл тұрғын үйлерді табиғи газға қосуға техникалық мүмкіндік бар екенін көрсетеді.

Аталған шаралар қаладағы ауа сапасын жақсарту және шығарындылар деңгейі төмен аймақты (LEZ) кезең-кезеңімен енгізу аясында жүзеге асырылып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу