Алматыда коммуналдық қызмет тарифтері төмендетілді

917

Сумен жабдықтау қызметтері бойынша тариф 4%, халық үшін электрмен жабдықтауға 1,5%, заңды тұлғалар үшін 1,2%-ға азайды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында Табиғи монополияларды реттеу комитеті Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Тимур Каленов айтты.

Алматыда коммуналдық қызмет тарифтері төмендетілді

"2020 жылы халық үшін жылу энергиясына тариф өзгерген жоқ. Бұдан басқа, халыққа арналған тарифтер: көрсетілетін қызметтер көлемінің өсуіне байланысты 2020 жылғы 1 наурыздан бастап -2%-ға, сондай-ақ 2020 жылғы 1 сәуір мен 31 тамыз аралығында -10%-ға төмендеді. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап жылумен жабдықтауға арналған тариф жоспарлы түрде 14%-ға өсуі күтілді. Алайда, Мемлекет басшысының халық үшін тарифтердің өсуіне жол бермеу туралы тапсырмасын орындау үшін энергия көздеріндегі тарифтер төмендетілді. Нәтижесінде, халық үшін тарифті 2020 жылғы деңгейде қалды", - деді спикер. 

Сонымен қатар 2020 жылы көрсетілетін қызметтер көлемінің өсуіне байланысты 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап халық үшін тарифтерді 3%-ға төмендетіледі. Бұл ретте халық үшін үнем 552 млн теңгені құрайды.

Сондай-ақ Алматыда 2020-2024 жылдарға арналған сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне тарифтің шекті деңгейі бекітілді.

"Сумен жабдықтау қызметтері бойынша халық үшін тариф 44,65 теңге/м3 кезінде -4%-ға 42,86 теңге/м3 дейін, су бұру қызметтері бойынша тариф 23,14 теңге/м3 мөлшерінде -0,1%-ға 23,12 теңге/м3 дейін төмендеді", - деп атап өтті Тимур Каленов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу