Алматыда коммуналдық қызметтер күшейтілген режимге ауысты

403

Жауын-шашынның көп түсуіне байланысты Алматы қаласының коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.  

Алматыда коммуналдық қызметтер күшейтілген режимге ауысты Фото: gov.kz

Сағат 20:00-ден бастап 367 техника мен 171 жол жұмысшысы жұмылдырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Сағат 20:30-дан бастап Жол полициясы патрульдік машиналарының сүйемелдеуімен қар жинау бойынша 11 баған ұйымдастырылды.

Тротуар жинайтын 160 шағын техника да қар тазалауда. Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмысын жалғастырып жаты. Әсіресе, кешкі және түнгі уақыттарда күшейту, сондай-ақ қар тазалау маршруттарын түзету басты назарда.

Аудан әкімдіктерінде жұмыс барысын бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу