2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Алматыдағы орналастыру орындары көрсеткен қызмет көлемі 53,1 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6%-ға көп.
Қаңтар-маусым айларында қаладағы қонақ үйлер мен басқа да орналастыру орындары 1,1 млн-нан астам қонақты қабылдады. Қазір Алматыда туристер мен іскерлік сапармен келушілерге қызмет көрсететін 448 нысан жұмыс істейді.
Қалада қонақ үй инфрақұрылымы да кеңейіп келеді. Жыл басынан бері жеке инвестиция есебінен жалпы саны 1 103 нөмірге арналған 26 қонақ үй ашылды.
Бұдан бөлек, құны шамамен 900 млрд теңге болатын 87 қонақ үй жобасы іске асырылу немесе пысықталу кезеңінде тұр. Олардың жүзеге асуы нәтижесінде 9 590 жаңа нөмір ашу жоспарланған.