Алматыда көне түркіден бүгінге дейінгі балуандар туралы кітап таныстырылды

1247

Туынды жаңалығы – ұлттық спорт пен дегдарлық мәдениет туралы жаңа көзқарас қалыптастырады. Сонымен қатар баяндалған оқиғалардың танымдық-патриоттық тұрғыда маңызы зор.

Алматыда көне түркіден бүгінге дейінгі балуандар туралы кітап таныстырылды

Алматыдағы Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасында мәдениеттанушы-лингвист Абылайхан Қалназаровтың "Балуан тас. Балуандар мен күрес өнеріне байланысты аңыз-әфсаналар, қисса-дастандар, ел аузындағы әңгімелер (тарихи деректер)" атты екі томдық кітабының таныстырылымы болып өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Кітапқа қазақ халқының көне түркі-ислам дәуірлерінен бері жасаған палуандары мен күрес өнеріне қатысты аңыз-әфсаналары, қисса-дастандар, ел аузындағы әңгімелер, кейбір жекелеген тарихи деректер енгізілген.

"Қазақтың баяғы батырлары жекпе-жек өнерінің барлық қырын жетік меңгерген. Найзагерлік, қылыштасу, қамшыгерлік, жұдырықтасу, аударыспақ, көкпар, балуан күрес. Мұндай қасиетті өнер адамға жайдан-жай қона салмайды. Мұндай өнер атадан балаға мұра болып, ұрпақ алмасқан сайын үздіксіз жетіліп, ұшталып отырады. Бұл дегеніңіз – бүтін бір халықтың ғасырлар бойы қалыптастырған палуандыққа негізделген жекпе-жек мектебі", – деп атап өтті кітап авторы Абылайхан Қалназаров.

Іс-шараға алматылық кітапсүйер қауым мен зиялылар, бірқатар ақын-жазушылар мен БАҚ өкілдері қатысып, көшпенділердің балуандық мәдениеті мен фәлсафасы тұрғысында ой тұжырымдады.

Айта кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы және Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орай астанадағы ҚР Ұлттық музейі Ғылыми кітапханасында кітап тұсауы кесілген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу