Алматыда конькимен сырғанауға арналған төрт алаң болады

1205

Төртіншісі жоспар бойынша келесі аптада Түрксіб ауданындағы "MART" сауда үйінің алдындағы алаңда ашылмақ.

Алматыда конькимен сырғанауға арналған төрт алаң болады

Алматыда осы маусымда конькимен сырғанауға арналған төрт алаң жасақталды, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Алаңның үшеуі Тұңғыш Президент пен 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында және Наурызбай ауданы әкімдігінің алдында іске қосылды. Төртіншісі жоспар бойынша келесі аптада Түрксіб ауданындағы "MART" сауда үйінің алдындағы алаңда ашылмақ.

Төрт мұз айдынының жалпы ауданы шамамен – 12 мың шаршы метр. Ең үлкені Тұңғыш Президент саябағында орналасқан. Оның ауданы – 3,8 мың шаршы метр, 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында – 3,4 мың шаршы метр. Наурызбай және Түрксіб аудандарында тиісінше 2,5 және 2,2 мың ш.м. құрайды.

Барлық мұз айдындарында конькиді жалға беру орындары, демалыс орындары мен қоғамдық тамақтану орындары бар. Ауа райының температурасы Цельсий бойынша +15 градусқа дейін көтерілсе де, мұздың сапасын сақтауға мүмкіндік беретін салқындатқыш қондырғылар жұмыс істемек.

Жалға берудің жұмыс уақыты: сағат 10:30-дан түнгі 23-ге дейін. Таңғы 6-дан түнгі 23-ке дейін жұмыс істейтін Тұңғыш Президент саябағындағы сырғанау алаңын айтпағанда, қалған мұз айдындары тәулік бойы сырғанауға қолжетімді болмақ.

Мұз айдындары 10 наурызға дейін жұмыс істейді деп жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу