30 тамызда Алматыдағы Абай алаңында Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шаралар өтеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Алдымен Мемлекеттік Туды шығару рәсімі және Әнұран орындалады.
Сондай-ақ 200-ден астам артист қатысатын театрландырылған қойылым қойылады. Олардың арасында Роза Рымбаева, Тамара Асар, Жанар Айжанова, Айгүл Қосанова, "МузАрт Life" тобы және басқа да өнер жұлдыздары бар.
- 19:00-де Республика сарайының алдында ашық аспан астында "Алматы – махаббатым" спектаклі өтеді.
- 20:00-де "Алматы әуендері" концерті басталады. Оған Саяат Нұрғазин, Димаш Дәулетов, Kyle Ruh және өзге де эстрада жұлдыздары қатысады.
Open-air концерттің хедлайнерлері – Yenlik пен Қайрат Нұртас. Мерекелік бағдарлама сағат 22:00-де аяқталады.
Сонымен қатар, 27-29 тамыз аралығында қаланың әр ауданында концерт пен мәдени іс-шара ұйымдастырылады:
- Жетісу ауданы, Мәдениет үйі (Кемел ықшамауданы) – 27 тамыз, 11:00. "Тәуелсіз елдің тұғыры – Ата Заң" концерті.
- Алмалы ауданы, Арбат – 28 тамыз, 16:00. "30 жыл ел тірегі – Ата Заң" мерекелік концерті.
- Бостандық ауданы, ҚазҰУ акт залы – 28 тамыз, 15:00. Салтанатты концерт.
- Алатау ауданы, Атлетикалық ауыл – 29 тамыз, 17:00. Мерекелік концерт.
- Әуезов ауданы, "Нархоз" университеті – 29 тамыз, 15:00. "Ата Заң – Тәуелсіз ел тұғыры" концерті.
- Наурызбай ауданы, әкімдік амфитеатры – 29 тамыз, 16:00. Концерттік бағдарлама.
- Медеу ауданы, Оқушылар сарайы – 29 тамыз, 11:00. Мерекелік концерт.
- Түрксіб ауданы, №6 Оқушылар үйі – 29 тамыз, 11:00. Салтанатты концерт.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу