Алматыда контрафактілік өнімдер жойылды

356

11 млн теңгеден астам сомаға 12 мыңға жуық контрафактілік өнім тәркіленді.

Алматыда контрафактілік өнімдер жойылды Фото: Әділет департаменті

2023 жылғы 23 қарашада Алматы қаласының Әділет департаменті Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулыларын орындау мақсатында 2,2 млн теңге сомасына 700 бірлік контрафактілік өнімді жария түрде жойды.

Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Заңсыз енгізілген "LEGO" (балалар конструкторлары), "TOYOTA" (жеңіл автомобильдерге арналған ауа, отын, май сүзгілері) тауар белгілері бар өнімдер жойылды.

Контрафактілік өнімді сатып алу оларды пайдаланатын адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне теріс әсер етеді.

"Осы жылдың басынан бері Алматы қаласының Әділет департаменті тауар белгілерінің құқық иеленушілерінің өтініштері бойынша барлығы 34 жоспардан тыс тексеру жүргізді, 11 млн теңгеден астам сомаға 12 мыңға жуық контрафактілік өнім тәркіленді", - деді Талғат Уәли.

Сот қаулыларымен барлық құқық бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 158-бабы бойынша 2,2 млн.теңгеден астам сомаға айыппұл түріндегі бөтен тауар белгісін заңсыз пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу