Алматыда көп балалы аналар тұраққа ақша төлемейді

863

Алматыда ақылы тұрақтарды тегін пайдалану құқығына ие тұлғалар санаты кеңейтілді.  

Алматыда көп балалы аналар тұраққа ақша төлемейді

Енді көп балалы аналар тұраққа ақша төлемейді. Алматы қаласының ақылы автотұрақтарын тегін пайдалану құқығына ие тұлғалар санаттары кеңейтілді, деп хабарлайды inbusiness.kz қалалық мобильділік басқармасына сілтеме жасап.

Тұрақ орындарын тегін пайдалану жеңілдіктері келесі тізімдегі адамдарға берілді:

1) басқа мемлекеттер аумағындағы әскери шаралардың ардагерлері;

2) туғанынан бастап мүгедек баланың және мүгедек балалардың заңды өкілдері;

3) "Алтын Алқа" және "Күміс Алқа" иелері, көп балалы аналар;

4) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен адамдар.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу