Алматыда көп пәтерлі 708 ескі тұрғын үй сүріледі

1381

Оның орнына 34 605 пәтерлі 683 тұрғын үй салу жоспарлануда.

Алматыда көп пәтерлі 708 ескі тұрғын үй сүріледі

Алматы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев мегаполистегі ескі үйлерді реновациялау бағдарламасы туралы сөз қозғады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Меншік иелерінің 100%-ын, жеке инвесторды тартуды қолдайтын үйлерді қоспағанда, ескірген тұрғын үй қорын бюджет қаражаты есебінен реновациялау бағдарламасын одан әрі іске асыру бойынша шешім қабылданды", – деді әкім орынбасары.

Ол қазіргі уақытта қалада 1930-1975 жылдары салынған, пайдалану мерзімі өткен 1 427 екі қабатты үй бар, онда 60 000-нан астам қала тұрғыны тұратынын атап өтті. 

"6 637 пәтерлі 708 ескі үйді бұзу және 34 605 пәтерлі 683 тұрғын үй салу жоспарлануда. Ескі үйлердің тұрғындары жаңа тұрғын үйлерге көшіріледі. Ал бұзылатын тұрғын үй аумақтары қала мұқтажын қамтамасыз ету және жайлы ортаны қалыптастыру үшін пайдаланылады", – деп түсіндірді Мұхит Әзірбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу